Жаңаөзенде көппәтерлі үйде газ жарылып, 11 адам зардап шекті. Қаза тапқандар жоқ, деп хабарлайды Qazaq.today.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға бүгін, 17 сәуірде таңғы сағат 5.00-де болған.
«Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде газ жарылысы болды. Соның салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған. Оқиға орнында өрт болған жоқ (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.). Алдын ала мәлімет бойынша 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды», — делінген хабарламада.
Қазір оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.
«Оқиға орнындағы жедел, үйіндінің арасын ашу жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД 50-ден астам құтқарушы және кинологиялық есептоп, 10 бірлік техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдары жұмылдырылды», — делінген ТЖМ хабарламасында.
Qazaq.today