Жаңаөзендегі апаттан 1 адам көз жұмды

Жаңаөзендегі көпқаббатты үйде болған газ апатынан 1 адам мерт болды, деп хабарлайды Qazaq.today.

“Үйінді астынан 2000 жылғы зардап шеккен әйел мен 1994 жылғы қайтыс болған азаматтың денесі шығарылды”- деп мәлімдеді ТЖД.

Медициналық көмекке 12 адам жүгінген, оның ішінде 8 бала бар. 5 адам ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта жедел жұмыстар жалғасып жатыр. Оқиғаға 30-дан астам техника мен 300-ге жуық адам жұмылдырылған.

Маңғыстау облысының ТЖД жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны ашылды 8/7292/31-90-99.

 

Qazaq.today