Эксклюзивті мазмұн:

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі,...

«Ауыз өзімдікі деп адамдар айта береді, «обедке» асығып тұрмын»: шағымға Іле ауданы әкімдігінің жауабы

Алматы облысының елді мекендеріндегі жолдар қардан, мұздан мүлдем тазаланбайды....

Жаңаөзенде “Өзенмұнайгаз” мердігер мекемесінің жұмысшылары 10 күннен бері ереуілдеп жатыр

Жаңаөзенде “Өзенмұнайгаз” компаниясына қызмет көрсететін «ТрубРемЦентр» мекемесінің жұмысшылары ереуілдеп жатқанына он күн болды. Олар еңбек қауіпсіздігін сақтауды, жалақыны көтеруді, өздерін қудаламауды, заңсыз жұмыстан шығарғандарды жұмысқа алуды талап етеді.

«ТрубРемЦентр» ЖШС жұмысшылары Жаңаөзендегі мекеме ғимараты алдына екі киіз үй тіккен. Олар жұмыс беруші талапқа назар аудару орнына жұмысшыларды жұмысқа шығармай, еңбекақасының жартысын ғана төлеп, мекеме құрал-жабдықтарын модернизацияламақ болғанын айтады.

– Бүгін он күн болды. 13 мамырдан бері киіз үйде отырмыз. “Өмірге қауіпті құрал жабдықпен жұмыс істемейміз” деген талапты ереуіл деп танып сотқа да берді. Не биліктен, не жұмыс беруші тараптан ешкім келмеді. 112 адам жүрміз. Бізді қорқытып, қысым көрсетіп жұмыстан шығартын басшының жұмыстан кетуін, құрал- жабдықты жаңалауын, жалақыны көтеруді талап етіп әр жұмысшы жеке арыз жазды. Ол бас прокуратураға да, еңбек министрлігіне де, жергілікті орындарға да жіберілді, – дейді осы мекеменің кәсіподақ жеткшісі Бақытжан Меретаманов.

Оның сөзінше, жұмысшылар алдымен 24 наурызда ұжымдық арыз жазып, талаптарын хатпен жолдаған. Татуласу, арбитраж комиссиялар жиыны да өткен.

– 50% жалақы төлеп “мекеме жұмысын тоқтатып, құрал-жабдықтарды жаңартамыз” деген бұйрық шығарды. Бірақ іс жүзінде ештеңе жасалып жатқан жоқ. Бізге былтыр “Өзенмұнайгаз” жұмыс ауқымын берсе жалақы көтереміз” деген, ол уәде де жайына қалды, -дейді ол.

Азаттық тілшісі “ТрубРемЦентр” ЖШС директоры Нұрлан Ищановқа хабарласқан еді. Ол жиналыста отырғанын, кейін хабарласатынын айтқанымен қайта жауап бермеді.

“ТрубРемЦентр” ЖШС “Өзенмұнайгаздың” ұңғымаларын жуу, тазалаумен айналысады. Онда 150 адам еңбек етеді.

“Маңғыстаумұнайгаз” компаниясының үңғымаларын жөндеумен айналысатын тағы бір компания “Оңтүстік Шығыс сервистік тобы” мұнайшылары да жалақы талабын қойғандары үшін қудаланып жатқандарын айтады. Олар Маңғыстау облысы әкімдігіне барып өздерін қудаламуды, жалақыларын азайтпауды сұрап жатыр.

Бұған дейін “Өзенмұнайгазға” қызмет көрсететін “Кезби” мекемесі мұнайшылары да ай бойы жұмысты тоқтатып, жалақыны көтеруді талап еткен. “Кезбидің” 26 жұмысшысы Нұр- Сұлтанға келіп еңбек министрлігі мен “Қазмұнайгаз” алдына бір апта түнеген соң, жалақыларын 20 пайызға көтеріп, еңбек келісім-шартын алуға, “Өзенмұнайгаздағы” босаған жұмыс орындарына жұмысқа алу тәрізді кей талаптарына қол жеткізген. “Кезби” мекемесі мұнайшылары 18 мамырда ереуілде тоқтатып, жұмысқа шыққан.

 

Дереккөз

Соңғы

Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалған сержанттың сүйегі табылды

Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен...

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі,...

«Ауыз өзімдікі деп адамдар айта береді, «обедке» асығып тұрмын»: шағымға Іле ауданы әкімдігінің жауабы

Алматы облысының елді мекендеріндегі жолдар қардан, мұздан мүлдем тазаланбайды....

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалған сержанттың сүйегі табылды

Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен сержанттың денесі табылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Жамбыл облысындағы №28349 әскери бөлімі өрт сөндіру қызметінің...

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы жасап жатқан Ресейге қатаң ескерту жасады. Бұл туралы The Moskow News хабарлады. «Осы ескертуден кейін Ресей жоғары басшылығының...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі, кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі табылды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Іздеу жұмыстары...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here