Жаңа туған нәрестені сатпақ болған: Таразда екі дәрігер ұсталды

Тараз қаласының прокуратурасы мен Жамбыл облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесе отырып, жедел іздестіру шараларының арқасында жаңа туған сәбиді сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«12.01.2023 жылы аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталып, Тараз қалалық көпбейінді аурухананың 2 медициналық қызметкерлері ұсталды. Аталған тұлғалар ҚР ҚПК-нің 128-бабымен уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы.

Аталған қылмыстық іс қала прокуратурасының бақылауына алынған.