Жаңа Қазақстанды құруға өз күшімді саламын – Ақтоты Райымқұлова  

Ақтоты Райымқұлова жаңа қызметке тағайындалды. Ол Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен «Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақтоты Рахметоллақызының өзі хабарлады.

«Сіздермен бөлісер жақсы жаңалығым бар.Бүгіннен бастап еліміздің ең ірі концерттік ұйымы – «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының басшысы қызметіне кірістім. Өздеріңіз білетіндей, 60 жылдық тарихы бар бұл ұйым – қазақ музыкалық өнерінің қара шаңырағына айналған үлкен мекемелердің бірі. 2016 жылдан бері ұйымның бас кеңсесі елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында орналасқан. 2021 жылы ұйымға КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың есімі берілді. Қазақконцерт ұйымында еліміздің үздік әртістері мен шығармашылық ұжымдары бас қосқан. Қазақконцертте барлық музыкалық өнердің жанрлары ұсынылған: фольклор, классика, эстрада, мюзикл театры», – деді экс-министр

Ақтоты Райымқұлова 1964 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын, Халықаралық бизнес академиясын бітірген. DBA (Doctor of Business Administration) ғылыми атағы бар. Еңбек жолын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында бастаған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында түрлі қызметтер атқарған. 2014-2016 жылдары МСМ Мәдениет және өнер істері департаментін басқарған. 2016 жылдың қазанынан бастап Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды. 2019 жылдың маусым айынан 2022 жылдың қаңтар айына дейін еліміздің Мәдениет және спорт министрі болды.

«Алдағы уақытта осы концерттік ұйымның және қазақ музыка өнерінің өркендеуіне өз үлесімді қосып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес халық пен мәдениеттің арасында тікелей диалог орнатып, Жаңа Қазақстанды құруға өз күшімді саламын. Жалпы, музыка өнерін халыққа қолжетімді етіп, мәдениетті насихаттап жүрген «Қазақконцерт» ұйымы мен үшін жат орта емес. Сондықтан мәдениет саласындағы ұзақ жылғы тәжірибем де, шығармашылық қабілетім де осы мақсаттың жүзеге асырылуына бағытталады», – деді Райымқұлова.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here