ҚМДБ әр өңірде әртүрлі өткізілетін құдайы астарға алаңдаушылық білдіріп, халықты ысыраптан тыйылуға шақырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қаншама жылдан бері халықты құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеуге үндеп келеді. Алайда кейбір азаматтар құдайы ас мәзірін өздері таңдап, ас та төк дастарқан жайып, құдайы ас өткізіп жатады. Осы сәтті пайдаланып, тағы да ел азаматтарын шариғатымыз талап етпейтін амалдар жасамауға, яғни шамадан тыс шығынға батып, құдайы ас өткізбеуге шақырамыз. Артық шығынды мұқтаж жандарға, ауыр науқасқа ұшыраған адамдарға беріп, олардың алғысына бөленіп, көбірек сауап алған абзал, – делінген ҚМДБ жауабында.