Блогер Сәкен Қағаров әлеуметтік желісіндегі парақшасына дүкеннен 65 мың теңгеге жарты келі шие сатып ала жаздаған видеосын салған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Ол дүкен аралап жүріп, екі бөлек жұқа контейнерге салған шие алыпты. Бір қораптағы шиенің салмағы 300 грамм, ал бағасы 33 мың теңге болған. Осылайша ол екі қорап шие 65 мың теңгеге тең болғанын айтады.
«Мен әрине бағаның қымбаттап жатқанын естігемін. Бірақ, 300 грамм шиенің бағасы 33 мың теңге болады деп ойламаппын. Мен бағасына қарамай екі қорабын алыппын, сонда 500 грамм шие 65 мың теңге болып шықты. Елестетіп көріңіздерші! Бұл деген сұмдық қой!», — дейді Қағаров.
«15 мың теңгеге шие алып жемеймін»
Ал, бұған дейін ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов маусымаралық кезеңдегі жеміс-жидектің қымбат бағада сатытуына байланысты пікірін айтқан еді.
«Мәселен, өзім шиенің бағасы 15 мың теңге тұратын уақытта сатып алмаймын, өз маусымында бағасы 1000–1500 теңгеге түскенде ғана аламын», — деген болатын ол.
Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаровтың стилі
Айта кетейік, әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова мен блогер Сәкен Қағаров жыл басында некелерін қидырған болатын. Айжұлдыз ұзату тойында аяғына кроссовки, үстінде өзінің қиялынан шыққан көк көйлек киіп келсе, тойларында да бұл жұп елді ерекше стильдерімен таң қалдырған еді.