Фото: Regnum.ru / DariuszSankowski
Жамбыл облысындағы «АК Алтыналмас» АҚ тау-кен байыту кешендерінің бірінде тау жынысы опырылды. Үйінділер астында бір жұмысшы қалып кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Оқиға орнына жедел-құтқару жасағы жетіп, іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
«Тастардың жылжуы мен қиын географиялық жағдайға байланысты опырылған аймаққа кіру айтарлықтай қиындап жатыр. Компания апатты тергеуді бастады және үйінділер астында қалған қызметкерді табу үшін барлық қажетті шараларды қабылдады», – делінген хабарламада.
Оқиғадан кейін жұмыс тобы құрылды. Төтенше жағдайдың мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр.