Фото: ТЖМ
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, “Алматы-Ташкент” автокөлік жолында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 29 жолаушы өз бетінше автобустан шықты.
“Өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы”, – деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
ТЖД 9 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.