Жамбыл облысында жер сілкінді

Жамбыл облысы Қордай ауылында екі балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 31 мамыр Астана уақыты бойынша сағат 10:13-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің координаттары — 43.21 75.20

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батыс жаққа қарай 132 шақырым жерде Жамбыл облысы Қордай ауылында болған.