Жамбыл облысында тағы да жер сілкінді

Фото: azerbaycan24.com

Жамбыл облысы тағы да жер сілкінісін сезінді. Қанша баллдық жер сілкінісі болғаны нақтыланып жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

ҚР ТЖМ «СБЗҰГО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 28 наурызда Астана уақытымен 16:00-де жер сілкінісін тіркеді.

Жамбыл облысы жер сілкінісін сезінгені тіркелді. Есептік қарқындылығы нақтыланып жатыр. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан, — делінген хабарламада.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.