Жамбыл облысында өрттен 48 бас мал қырылып қалды

Фото: ТЖМ

Жамбыл облысының Қаратас ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында қора өртенді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, өрт алаңы 220 шаршы метр болған.

Өрттің салдарынан 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы қаза тапты. Алдын ала болжам бойынша — электр сымдарының қысқаша тұйықталуы. Өңірдегі ТЖД өрт сөндірушілері 50 минут ішінде өртті жойды. Оқиға орнында 7 құтқарушы және 2 бірлік техника жұмыс істеді, — делінген ведомство таратқан хабарламада.

ТЖМ электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.