Жамбыл облысында өндіріс базасы нарықтағы құнынан 111 есе төменге сатылған

Жамбыл облысының прокуратурасы коммуналды меншіктің заңсыз сатылғанын хабарлады. База өз бағасынан 111 есе арзан сатылған, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. 

2008 жылы коммуналдық кәсіпорынның басшылығы өндіріс базасын 270 мың теңгеге сатқан. Оның нақты бағасы 30 млн теңге болған. Үшінші тұлғалар базаны еш конкурссыз алып алған. 

– 2022 жылы заңсыз меншік иесі қарыз алу үшін микрокредиттік ұйымға кепілге қойған, — деп хабарлады прокуратура.

Кәсіпорынның бұрынғы басшысына қатысты тергеу басталды, бірақ ескіру мерзіміне байланысты іс тоқтатылған.  Сот сату жөнінде шартты жарамсыз деп тану шешімін қабылдады. Кепіл туралы келісім де жарамсыз деп танылды. 

«Сот актісі заңды күшіне енді, мүлік мемлекетке толығымен қайтарылды», — делінген хабарламада.

 

14