Жамбыл облысында магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелді

google.com/maps/ парақшасынан скриншот

1 сәуірде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің Ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен жаңа жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша сағат 11:14-те тіркелді. Оның эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 308 шақырым жерде Жамбыл облысы аумағында — Меркі ауылының оңтүстігінде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,2, MPV магнитудасы 5,3, тереңдігі 25 шақырым болды.