Тараз қаласының соты Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы Т.Смағұлов, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС Бас директорының орынбасары Б.Полатбеков және осы кәсіпорынның экологы М. Асанға қатысты үкімді жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
— Смағұлов пара алғаны үшін, ал зауыт өкілдері экологиялық заңнаманың сақталуын тексеру кезінде бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік бергені, жалпы қамқорлығы және пара бергені үшін кінәлі деп танылды, — делінген хабарламада.
Смағұлов, Полатбеков сондай-ақ Асанға жалпы сомасы 24 млн теңге айыппұл салынды.
Бұдан басқа, олар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады.
Сот актісі заңды күшіне енді.