Жамбыл облысында 13 жасар қызды алты жыл бойы зорлап келген ағасы өмір бойына сотталды

Жамбыл облысында 13 жасар қыздың туысқан екі ағасы оны алты жыл бойы зорлап келген. Сот оларға үкім шығарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Алты жасынан бастап қызды туған әкесінің ағалары жылдар бойы зорлап келген. Біреуі 35, екіншісі 37 жаста. Шындық оқушы жүкті болғаннан кейін бір-ақ ашылған. Алайда жүкті кезінде де ол мектепке барып жүрген, алайда ұстаздар оның жағдайын байқамаған. Қыз 13 жасында ана атанды.

Ал оны зорлаған екі азамат та 13 жасар қызды зорлағаны үшін колонияға жіберілді. Олар Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі «кәмелетке толмаған кішкентай баланы зорлау» бойынша кінәлі деп танылды. Біреуі өмір бойы, екіншісі 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленуші оқыған мектеп қызметкерлеріне қатысты балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Олар жүкті қыз мектепке барған кезде қыздың жағдайына назар аудармаған.