Жалолов енді кездессе Дычконы аямайды – Өзбекстан құрамасының бас бапкері

Фото: ©The Heavyweight Factory

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Иван Дычко мен Баходир Жалолов кәсіпқой бокста кездессе қалай болады деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Иван Дычко бабында тұрғанда біздің ауыр салмақтағы болашағынан үміт күттіретін Жалоловты жеңіп жүрді.  Ол кезде Баходир ересектер арасына енді қосылған болатын. Мен Дычкоға құрметпен қараймын. Ешқандай менсінбеушілік жоқ. Бірақ Жалолов қазір Дычкомен кездессе оңай қарсылас болатыны сөзсіз. Боксты түсінетіндер Баходирдің қазіргі деңгейі қандай екенін жақсы біледі», — дейді Толқын Қылышев Sports.kz тілшісіне берген сұхбатында.