Жалған шот-фактуралар арқылы пайда тапқан топқа үкім шықты

Астанада қызмет көрсетуді және жүктерді жөнелтуді нақты орындамай, жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша бір топ тұлғаға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, 2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы наурызға дейін бір топ тұлғалар мүліктік пайда алу мақсатында нақты қызметтер көрсетпей, жұмыстарды орындамай және тауарларды жөнелтпестен, бақылаудағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан шот-фактуралар беру бойынша іс-әрекеттерді жасауға жәрдемдесті.

Олар өз әрекеттерімен мемлекетке өтелмеген 1 млрд теңгеден астам салық сомасында аса ірі көлемде зиян келтірген.

Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері кінәлі деп танылып, 3,5 жылдан 4,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Қарағанды облысында кәсіпкерден 1 миллион АҚШ долларын талап еткен алаяқ сотқа тартылған.

Qazaq.today 

7