Жайықтың деңгейі: БҚО-дағы су тасқыны туралы соңғы ақпарат жарияланды

Қазір Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақтады, деп хабарлайды Qazaq.today порталы.

Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді.

Министрлік мәліметінше, Жайық өзеніндегі су деңгейі біртіндеп төмендеуде. Ал аймақта су тасқыны салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Маңғыстау және Қарағанды облыстарынан келген құтқарушылар тобы БҚО-нан Атырау облысына жөнелтілді.