Жайық өзенінің бойында орналасқан кей аумақтарды су басу қаупі бар, бұл туралы «Қазгидромет» айтты.
Батыс Қазақстан облысының ішкі өзендерінің көпшілігінде су тасқынының шарықтау шегі өтіп кеткен. 21 сәуір күні сағат 12-дегі жағдай бойынша Жайық өзенінде Орал қаласының гидрологиялық бекетінде су деңгейі 854 сантиметр, қауіпті деңгейі 850 сантиметрді құрап отыр.
«Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендерге қауіп төніп тұр: Бөрлі, Бәйтерек, Теректі және Ақжайық аудандарында», — деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ол Жайық өзенінің гидрологиялық стансасындағы шекті деңгей, көтерілген кезде Шаған өзеніне ағып кету байқалып, Орал қаласының саяжай учаскелерін су басуға әкеліп соқтырғанын айтты.
Исмағұлова Батыс Қазақстан облысының алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын да жария етті.
«23, 24, 25 және 26 сәуірде күндіз жаңбыр жауады, түнде ауа температурасы 12-17 градустан 4-9 градусқа дейін төмендейді», — деді ол.