фото: facebook.com/omir.shynybekuly
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құланды мектебіне әлдекімдер қорап-қорап алтын әкеліп, оны мектептің ішінде, мұғалімдерге сатқан. Мектеп басшылығы мектептің жайма базарға айналуына жол берген, деп хабарлайды Qazaq.today.
Білім басқармасы бұл оқиғаның болғанын растады. Айтуларынша, мектептің кітапханасы рухани білім орталығына емес, базар бизнесіне айналып кеткен.
«Осы мәселе бойынша Т.Рысқұлов аудандық білім бөлімі тарапынан мән-жайды анықтау мақсатында мектеп әкімшілігінен түсініктеме алынып, білім мекемесіндегі бақылауды әлсіретіп, заң бұзушылықтарға жол бергені үшін мектеп әкімшілігіне тәртіптік шара қолданылды», — деп хабарлаған Azattyq Rýhy редакциясына берген жауабында.
Ал, мектеп әкімшілігі өз тарапынан мектепке бөтен адамдарды кіргізген вахтер мен алтындарды кітапханаға жайып қойғаны үшін кітапханашысы жазалаған.
«Мектеп әкімшілігінің мәліметіне сәйкес, бұл оқиға 2025 жылдың 2 сәуір күні орын алған. 3 сәуір күні бөгде адамды білім мекемесіне кіргізген үшін және жұмысына салғырт қарағаны үшін вахтер мен кітапханашыға қатысты директор тарапынан тәртіптік шара қолданылды», — деп хабарлайды Жамбыл облысының білім басқармасы.