Фото: allboxing.ru
Қазақстандық боксшы, WBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы жаңа зеландиялық Андрей Михайлович өтпей қалған жекпе-жектен кейін әлеуметтік желідегі парақшасына пікір білдірді, деп жазады Qazaq Today ақпарат агенттігі.
«Осы айқас үшін 7000 миль жолды артқа тастап, саяхаттадым. Алайда күтпеген жағдай болып, жекпе-жектің болмай қалғаны әрине өкінішті. Бұл әлбетте ғасыр оқиғасы болды. Амал жоқ көнеміз. Сіздердің сүйіспеншіліктеріңізге көп рақмет. Осы бір келеңсіздікті еңсеруге сіздер көмектесесіздер», — деп жазды Михайлович.