Орталық референдум комиссиясының отырысында Нұрлан Әбдіров референдум қорытындылары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Qazaq.today.
Орталық референдум комиссиясы еліміздегі референдумды өтті деп санайды. Дауыс беруге 7 млн 820 мыңнан астам адам қатысқан.
«Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66% құрады. Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады»,- деді Нұрлан Әбдіров.
Осылайша, референдум өтті деп саналады және ол оң шешімге ие болды.