Қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртас ресейлік әнші Ирина Нельсонға сахнада ерекше ықылас танытты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Ирина Нельсонның концерті Ресейдің Волгоград қаласында өтті. Сол кеште Қайрат Нұртас сахнаға гүл шоғын алып шығып, тыңдармандарға тосын сый жасады.
«Ирина, мен сіздің шығармашылығыңызды жақсы көремін. Тек қана сәттілік тілеймін! Мен сізді жақсы көремін», — деді Қайрат Нұртас.
Посмотреть эту публикацию в Instagram