Видеодан скриншот
Ұлының тойынан ақылы түрде онлайн көрсеткен әнші Майғазиев Мемлекеттік кірістер департаментіне шүйлікті. Ол салық саласындағы адамдарды «тырнақшаның ішіндегі ақылды адамдар» деп кекетті. Әнші трансляциядан түскен қаражаттан салық төлеуден жалтармайтынын айтты.
«Тырнақшаның ішіндегі ақылды жандар салық төлесін депті. Біз салықты онсыз да төлейміз. Құдай бетін әрі қылсын, тығып, жасырып жатқан дүниелерің әшкере болып жатқан заманда ешкім ештеңені жасыра алмайды. Біз жаһанға жар салып жасап жатқан кезде оның бәрінің пайызын есептеп, салығы төленеді. Яғни бұл қазаққа да пайдасы тиеді деген сөз. Сіздерге де жұғысты болсын! Ең бастысы, арам ас жоқ, спиртті ішімдік жоқ. Адал дастарқан. Қазақы той. Қымыз-шұбатымен», – деп айтты әнші тойының соңында.