Жаңаөзен қаласында кішкентай бүлдіршін балалар алаңындағы биіктіктен қатты құлап кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Жаңаөзенде 4-ші ықшам аудандағы №18 және №19 үйлердің арасында болған.
Бейнежазбада баланың ойын алаңында жүрген кезде биіктіктен құлап, кейін орнынан тұра алмай жатқаны көрсетілген. Куәгердің сөзінше, оқиға 8 сәуірде болған.
Тұрғындар осы балалар алаңында ақаулар бар екенін алға тартып отыр. Ата-аналар қала билігін ойын кешенін балалар үшін қауіпсіз етуді сұрады.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен баланың ауруханадан шығарылып, үйіне қайтарылғанын мәлім етті.