«Жүрегім қатты соғуда»: Руслан Берденовтің әйелі жазба жариялады

Фото: желіден алынды

Руслан Берденовтің жары Маржан Смайылова күйеуімен болған оқиғаға қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

«Жүрегімнің қағысын қаттырық естіп тұрмын. Барабан сияқты соғып жатыр. Жүрегімнің қалай соғатынын осыған дейін де сезіп, біліп жүрмін ғой. Дегенмен дәл қазір ол кеудемнен шығып кететіндей. Бала кезде естеріңізде ме? Қорыққан кезде жүрек қатты қағатын еді ғой…», — деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Еске сала кетейік, Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30-да шабуыл жасалған болатын. Қазір ол ауруханада, дәрігерлер жағдайын тұрақты ауыр деп бағалады.