«Жүрегің езіледі ғой»: Туған жеріне оралып, жерге аунаған қарияның сағынышы жұртты жылатты (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде көп жыл жырақта жүрген қарияның туған жеріне қай оралғандағы видеосы тарады.

Видеода оның топыраққа балаша аунап, көз жасына ерік бергенін көруге болады. Cағынышын басқан қарияның видеосы көпшілікті тебірентті.

«Қазақстанға жетер жер жоқ», «Туған жердің құдіреті қадір-қасиетін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жүрегің езіледі ғой», «Атамыз қатты сағынған ғой. Туған жердің топырағына аунап, мауқыңызды басқаныңыз дұрыс», «Атамыз ұрпағымен жүз жасасын!», — деп жазды желі қолданушылары.