Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеуден сәтті өтті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жаңазеландиялық Андрей Михайловичке (21-0, 13 КО) қарсы жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден сәтті өтті.

Жәнібек Әлімханұлының салмағы 72,38 келі болды. Андрей болса 72,54 келі салмақпен шығады. IBF ережесіне сәйкес қазақ боксшысы 4 қазанда таңертең тағы бір рет салмақ өлшеу рәсімінен өтеді.