Бұл Жәнібектің 17-жеңісі, соның ішінде 12-кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады.
Астанада өтіп жатқан Battle of the Brave бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы Франция өкілі Анауэль Нгамиссенгемен жекпе-жек өткізді.
Қазақ боксшысы 5 раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті. Сонымен қатар, спортшымыз IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеулерін қорғап қалды.
Бұл Жәнібектің 17 жеңісі, соның ішінде 12 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады.