Фото: Видеодан скрин
Алматы қаласындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Мониторинг барысында жанармай құю бекеттерінің бірінің аумағында қауіпті маневр жасау дерегі тіркелді. Спорттық көлік басқалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және апаттық жағдайды тудыратын дрифт элементтерін жасады.
Полиция қызметкерлері 23 жастағы жүргізушіні анықтады және ұстады. Оған қатысты маневр жасау ережелерін бұзып, апаттық жағдай туғызғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот жүргізушіні 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.