Зеленский: Ресей 9 мыңдай сарбазынан айырылды

Ресми дерек бойынша, барлығы 498 сарбаз ажал құшқан. Бұдан басқа, 1597 жауынгер жарақат алған. Сондай-ақ Кремльдің мәлімдеуінше, Украина жағынан 2870 құрбан бар. Зардап шеккен сарбаз саны 3700-ге жуық. 572 украиналық жауынгер тұтқынға түскен.

Игорь Конашенков, Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

– Өкінішке қарай, арнайы әскери операция барысында біздің жолдастарымыздың арасында адам шығын бар. Құрбан болғандардың отбасына қолдан келген барлық көмек көрсетіліп жатыр. Тағы да қайталап айтайын, арнайы операцияға Ресей Қорғаныс министрлігінің курсанттары да, әдеттегі әскерге шақырылған адамдар да қатысып жатқан жоқ. Батыстың көптеген және кейбір ресейлік ақпарат құралдары Ресей тарапынан сансыз құрбан болып жатқанын жариялап жатыр. Бұл – мақсатты түрде таратылып жатқан жалған деректер.

Украина президенті Ресейдің Қорғаныс министрлігінің бұл мәліметін жоққа шығарды. Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, жау 1 аптаның ішінде 9 мыңдай сарбазынан айырылған. Ол күнде қарапайым украиналықтар Ресей жауынгерлерін тұтқынға алып жатқанын айтады.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Не үшін құрбан болып жатыр? Украинаны басып алу үшін бе? Бұл мүмкін емес. Қанша жерден зымыран атса да, бомба тастаса да, танкімен шабуылдаса да, біз берілмейміз. Өйткені бұл – біздің жеріміз. Олар бізге қарсы соғыс ашқаны үшін халықаралық сотта жауап береді. 

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here