Өзбекстан тарихта алғаш рет футболдан Әлем чемпионатына шықты

Фото: gazeta.uz

5 маусымда Абу-Дабиде өткен матчта Өзбекстан құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерімен 0:0 есебімен тең ойнап, Азия аймағының A тобында Иранмен бірге Әлем чемпионатына жолдама алатын қажетті ұпай санын жинады, деп хабарлайды  Qazaq Today ақпарат порталы. 

Команданың негізгі ойыншылары қатарында «Манчестер Сити» қорғаушысы Абдукодир Хусанов, «Рома» шабуылшысы Элдор Шомуродов және ЦСКА Мәскеу клубының жартылай қорғаушысы Аббосбек Файзуллаев бар. Қақпашы Ұтқыр Юсупов шешуші матчта бірнеше маңызды сейв жасап, командаға көмегін тигізді.

Осылайша 9 ойында 18 ұпай жинаға Өзбекстан құрамасы төрт жылда бір өтетін әлемдік додаға жолдама алды. Тимур Кападзе шәкірттері 5 ойында жеңіске жетіп, 3 ойында тең түсіп, 1 ойында жеңіліс тапты. Енді команда 10-турда Ташкентте Катарға қарсы соңғы ойынын өткізеді.