2024 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Өзбекстанға шамамен 6,5 миллион шетелдік турист саяхаттаған. Бұл туралы сенбі күні жергілікті БАҚ Өзбекстан Республикасының Статистика агенттігіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Синьхуа.
Туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 951,3 мың адамға немесе 17,2 пайызға артқан.
Мәлім болғандай, ең көп турист Тәжікстаннан келген — 1,878 млн, одан кейін Қырғызстан мен Қазақстан — 1,870 млн сондай-ақ, 2 млн Қытай азаматы саяхаттаған. Осылайша Қытай 7-орынға тұрақтап, 57,7 мың Қытай азаматы өзбек жерін көрген.
Фото: uza.uz