ФОТО: Getty images
Бокстан Өзбекстан ерлер құрамасы Астанада өтетін әлем кубогына қатыспайды, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеп.
30 маусым мен 7 шілде аралығында World Boxing ұйымының қолдауымен елордада әлем кубогының екінші кезеңі өтеді. Бұл турнирге Өзбекстан ерлер құрамасы қатыспайды. Бұл туралы ұлттық құрама бапкері Қайрат Сәтжанов айтты.
«Өзбекстан құрамасы келеміз деп тізім берген болатын. Бір-екі жұмадан кейін келмейтінін жеткізді. Астанадағы жарысқа Әлем чемпиондары, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, жеңімпаздары, Азия чемпиондары қатысып жатыр. Деңгейі өте жоғары болады деген ойдамын», — деді бас бапкер.
Айта кетейік, әлем кубогына 31 елден 300-ден аса спортшы тіркелген.