Фото: ҚТФ
Румынияның Тыргу-Муреш қаласында өтіп жатқан Intaro Elite Cup ITF W75 санатындағы турнирдің бірінші айналымында Зарина Дияс (әлемнің 334-ракеткасы) чехиялық Анета Лабутковамен (645-орын) кездесіп, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды. Дияс өз геймін екі рет жоғалтқанымен, бес брейк жасап, басымдық танытты.
Турнирдің екінші айналымында Зарина украиналық Дарья Снигур мен италиялық Камилла Розателло арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды. Айта кетейік, Снигур осы турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген.