Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы өзі ұйымдастырып жатқан «Алтын Ханым» байқауында қызы Алманың сүйікті орындаушысы Raim хедлайнер болатынын айтты.
Баян Алагөзова Instagram парақшасында қызы Алманың Raim-ның шығармашылығына ерекше ықыласы барын бөлісті.
«Сенсеңіздер де, сенбесеңіздер де, Алма қызым Raim-ның әндерін тыңдамаса, тамақ ішпейді. Алдымен оның «Самая вышка» клипін қою керек. Содан кейін барып қызым аузына қасық апарады. Яғни, «Алтын Ханым» байқауында Алма қызымның сүйікті орындаушысы Raim хедлайнер болады. Ал Алиса қызым – кітаптың фанаты», – дейді Алагөзова.