Қызылордада мұғалім әйел кісі қолынан қаза тапты

Аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қызылордада бастауыш сынып мұғалімі кісі қолынан қаза тапты. Оқиға барысы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Облыстық полиция департаменті оқиғаның болғанын растап, түсініктеме берді.

 – Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстан ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді,  – деп мәлім етті департаменттен.