Қызылорда облысында 19 киікті қырып тастағкан қарақшылар ұсталды

Фото: Қызылорда облыстық ПД

Қызылорда облысы Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында браконьерлерді ұстады. Төрт күдікті мінген «Тойота» автокөлігінің тіркемесінен 19 өлексе табылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Көлікті тексеру барысында артқы орындықта тіркелмеген қару табылды. Прожектор, 2 рация, арқан тәркіленді. Сонымен қатар, жол талғамайтын көліктің тіркемесін тексеру барысында 19 ақбөкеннің өлексесі табылды», — делінген ведомство хабарламасында.

Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Күдіктілер үйқамаққа алынды.

132