Облыс әкімі болашақ дәрігер Дінмұхаммед Бектұрғанның ата-анасын жеке қабылдап, «Алғыс хат» табыстап, зор ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Нұрболат және Ғалия Нұрсейітова баласына жақсы тәрбие беріп, ұлының медициналық университетте ақылы түрде білім алуына еңбек етіп жүрген жандар. Қазіргі таңда Дінмұхаммед 7-курс студенті. Ол тағы 3 жыл резидентура оқуға ниетті», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалғаны үшін Дінмұхаммедтің оқу ақысын Қызылорда әкімдігі төлеп бермек.
42