Қызылорда облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысының өзі заңды белшесінен басқан. Лауазымды тұлға 2 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды.
Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі фактіні растады, деп хабарлайды Qazaq.today.
«Қызылорда облысының полиция департаменті қызметкерлер арасында құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі негізде іс-шаралар жүргізуде. ҰҚКД ПД-нің ӨҚБ-мен бірлескен жедел-тергеу шаралары барысында заңсыз іс-әрекеттері үшін қызметкерді ұстады. Ол теріс қылықтары үшін ішкі істер органдарынан шығарылды», — делінген ПД хабарламасында.
52