Юлия Путинцева Цинциннати турнирінің финалында өнер көрсетті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жұптық сында Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Қазақстандық теннисші канадалық Лейла Фернандеспен бірге шешуші бәсекеде жарыстың 3-ракеткалары, америкалық Айша Мухаммад – жаңазеландиялық Эрин Рутлифпен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық-канадалық жұп матчты сәтті бастады – 6:3. Екінші сетте америкалық-жаңазеландиялық дуэт есе қайырды – 6:1. Содан кейін олар супер тай-брейкте басым түсті – 10:4.

Сағат жарымға созылған кездесу барысында Путинцева – Фернандес 10 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Мухаммад – Рутлифф 2 эйс, 2 брейкпен (12 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Юлия Путинцева спорттық жолында алғаш рет WTA 1 000 додасының финалына дейін жетті.

Фото: ҚТФ

40