Қытайдан келген тауарларды ұрлап, 200 млн теңге шығын келтірген қойма қызметкерлері әшкереленді

Алматыда Қытайдан келген тауарларды ұрлағандарға қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы 2023 жылдан 2024 жылға дейін Қытайдан келген тауарларды ұрлаумен айналысқан уақытша сақтау қоймасы (УСҚ) қызметкерлеріне қатысты соталды тергеуді аяқтады.

«Күдіктілер ұрланған тауарларды жергілікті базарларда сату үшін контейнерлер ішіндегі тауарлар туралы ақпаратқа қол жеткізген. Шығын 200 млн теңгеден асып, отандық және шетелдік компанияларға зардап келтірді», – деп жазылған хабарламада.

39