Қытайда әлемдегі ең үлкен әуежай салынады

Фото: bloomberg.com

Қытайда әлемдегі ең ірі халықаралық әуежайдың құрылысы басталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Жоба бойынша төрт ұшу-қону жолағы және үлкен терминал болады.

Әуе айлағы қолдан жасалған аралда орналасады.

Әуежай жылына 80 миллионнан аса жолаушыны қабылдайды.  Ғимараттың жобалау-сметалық құжаты 2003 жылы дайын болған. Бірақ құрылыс жұмыстары бірнеше жыл бұрын ғана қолға алынды.