Алматы, Қазақстан (20 қараша 2024) — Бүгін таңертең Қырғызстанда жер сілкінісі болды. Қазақстандық сейсмологиялық станциялардың мәліметі бойынша, жер сілкінісі сағат 03:53-те Астана уақытымен тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 689 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Магнитудасы — 4,6.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ.
Еске сала кетейік, 5 қараша күні таңертең Алматы қаласы мен Алматы облысында да жер сілкінісі болған еді.