Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Қырғыз мемлекетінің басшысы 28 қараша күні Астанада өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Онда мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік жағдай, оның ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсері туралы пікір алмасады, ынтымақтастық нәтижелері мен ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамыту перспективаларын талқылайды.
28 қарашада Астанада Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтеді.