Германияда өтетін Еуро-2024 турнирінде футболдан Украина ұлттық құрамасы ерекше қорғалатыны белгілі болды. Германияның Ішкі істер министрі Нэнси Фезердің айтуынша, Украина командасына қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданады.
«Әрине, Украина құрамасы қорғалады. Бұл біз үшін ерекше сынақ, біз де осы команданы ерекше қорғаныспен қамтамасыз етуге дайындалып жатырмыз. Басында айтқанымдай, біз кез келген сценарийді күтеміз, біз ұзақ уақыт дайындалдық және, әрине, Украинадағы оқиғалар, оның ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінде маңызды рөл атқарады», — деді Фезер Bild басылымына берген сұхбатында.
Чемпионат Германияда және 14 маусым мен 14 шілде аралығында он қалада өтеді.