Уимблдон: Елена Рыбакина үшінші айналымға өтті

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған германиялық Лаура Зигемундпен бетпе-бет келді. Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, соның төртеуінде Рыбакина жеңген еді.

Бұл жолы бірінші партияда Елена 3:1 есебімен алға шыққанымен, Зигемунд таразы басын теңестірді. Дегенмен қазақстандық спортшы қатарынан үш геймді алды — 6:3.

Екінші сетті германиялық спортшы брейкпен бастағанымен, Рыбакина есепті теңестірді — 2:2. Алайда сет Зигемундтің еншісінде кетті — 6:3.

Үшінші, шешуші сетте Рыбакина ақыры дегеніне жетті — 6:3 әлем рейтингіде кезінде көш бастаған, қазір 91-орындағы даниялық Каролина Возницкимен жолығады.

Фото: championat.com