Whatsapp-тың істен шығу себебі белгілі болды

Қателік Meta сервисіндегі техникалық ақауларға байланысты болған

WhatsApp қосымшасының жұмыс істеуіне қатысты шағымдар Қазақстан, Ресей, Германия, Ұлыбритания, Үндістан, Индонезия, Франция, АҚШ және басқа да елдерден түскен.

Bloomberg басылымы 25 қазанда WhatsApp мессенджеріндегі олқылықтар Meta сервисіндегі техникалық ақауларға байланысты болғанын хабарлады.

«Біз мәселені шештік және қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Қосымшаның қысқа мерзімге өшуі  біздің тарапымыздан кеткен техникалық ақаудың салдары болды», – деді агенттікке компания өкілі

2