Фото: baq.kz
Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) президенті Густаво Оливьери неге орта салмақтағы Жәнібек Әлімханұлына (16-0, 11 КО) ұйымның «суперчемпионы» мәртебесі берілмегенін түсіндірді, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Х желісін қолданушылардың бірі ұйым басшысынан неге екі белбеуі бар (WBO, IBF) Әлімханұлына «суперчемпион» атағы берілмегенін сұрады.
«Өйткені «суперчемпион» мәртебесі (титул емес, құқық пен артықшылық) белгілі бір критерийлерге сай болуды талап етеді. Біздің ереже мен тәртіптердің 14-бөлімін қараңыздар», — деп жазыпты Оливьери жауап ретінде.
Айта кетейік, WBO «суперчемпионы» мәртебесін алуда басты критерийдің бірі — титулды мықты қарсыластарға қарсы кемі он рет рет қорғау.